Жамбылда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты

0 220

Жолдау барысында Мемлекет басшысы «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы банкінің» шотына жеткіліктілік шегінен жоғары аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын. Бұл сондай-ақ қаражат жинау, оларды сауатты басқару мәдениетін ынталандыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті.

Бұл ретте, ағымдағы жылы өңірде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 50 көп қабатты тұрғын үйдің (3 мыңға жуық пәтер) құрылысы жүргізілуде және жыл соңына дейін оларды пайдалануға беру жоспарлануда.

Президенттің тапсырмасы бойынша біздің өңірде биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ жанынан вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысы жүргізілуде.

Осы жылдың сәуір айында QazVac отандық вакцинасының алғашқы 50 000 дозасы еліміздің барлық өңірлерінің Денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жіберілді, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде Қырғызстанға вакцинаның 25 000 дозасы жөнелтілді.

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап ай сайын қазақстандық вакцинаның 500-600 мың дозасы шығарылатын болады.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтына іргелес аумақта отандық және шетелдік мамандардың өмір сүруі үшін үш көппәтерлі тұрғын үй, дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынды.

Жамбыл облысында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты.

Өнеркәсіптің неғұрлым перспективалы салаларының үштігіне химия және тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы кіреді.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыс экономикасына барлығы 160,8 миллиард теңге инвестицияланды.

 «БҰҰ мәліметтері бойынша, 2030 жылға қарай су тапшылығы 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан, су тапшылығымен күресу үшін бізге нақты шешімдер әзірлеп, жаңа технологияларға көшу және деректерді цифрландыру қажет», − деді Президент өз Жолдауында.

Өңірімізде ауыл шаруашылығы алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесінде жер үсті және жер асты суларын тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ, біздің облыста тамшылатып суару және жаңбырлату сияқты заманауи су үнемдеу технологиялары белсенді енгізілуде. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, бұл әдістер бір жарым-екі есе ылғалды үнемдеуге мүмкіндік береді, дақылдардың өнімділігі айтарлықтай артады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.