Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

0 193

Әлем елдерін алаңдатқан індет коронавирустың күн санап өршуі сақтық шараларын күшейтуді талап етеді.

Пандемияның жайылуының алдын алу шараларына қатысты Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған қарасты мекемелерінде сақтық шаралары алғашқы күннен бастап-ақ күшейтілген.

Осыған байланысты, өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты барлық мекемелерде аурудың алдын алу шаралары қолға алынған. ЖД-158/4 мекемесінде арнайы залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізіліп, түзеу мекемесінің аумағына медициналық тазартқыш құралдары орнатылды.

Айта кетейік, аталған тазалық шарасын мекеменің медициналық бөлімінің қызметкерлері жүргізді.

Мақсат Әмірбеков,
ЖД-158/4 мекемесі медициналық бөлімінің қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.