Белсенді жастар марапатталды

0 20

Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.
Олар қай кезде де, қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Жастардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.
Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгілеген. Яғни, 12 тамыз – Халықаралық жастар күні ретінде аталып өтіледі.
Осы мақсатта кеше аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев мерекеге орай ауданымыздың бірқатар жастарын құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты елдің алар асуы биік болады» деп Елбасымыз барлық жастарға зор сенім білдіріп отыр. Сол себепті жастар күшімізді біріктіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне, көркейіп, гүлденуіне үлес қосып, сенімді ақтауымыз қажет деген Олжас Елебекұлы қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан үздіктерді Даукен Тілектес, Сағи Мұздыбай, Қуат Ошақбай, Азат Сарсенбеков, Әсем Сәрсембай, Ақжігіт Жетпісбай, Гаухар Несипбекова, Наурызбай Талғатов сынды жастарға құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтар тарту етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.