Жастарға жағдай жасалуда

0 220

Т.Рысқұлов ауданында 15 ауылдық округ, 42 елді мекен бар. Мұнда 69 602 тұрғын тату-тәтті тұрмыс кешіп жатса, оның басым бөлігі, яғни 65 205-і (93,6 пайыз) қазақ. Сондықтан да бұл ауданда ұлтаралық шиеленіс фактілері кездеспейді, қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен мұнда да «Асарлатып үй салу» жобасы аясында жүйелі жұмыс атқарылуда. Биыл аталған жоба аясында 2 үйдің электр жарығы, жылу, ауыз су жүйелері жүргізіліп пайдалануға берілді. Луговой ауылдық округінде жоба аясында 1 үй мүгедек баласы бар, жалғыз басты ана Дария Тулендиеваға салынып, тарту етілген. Ақыртөбе ауылдық округінде әлеуметтік аз қамтылған көп балалы ана Люба Муксхаджиеваға жоба аясында үй сатып алынып беріліпті. Жалпы Т.Рысқұлов ауданы бойынша тұрмысы төмен отбасыларға «Асарлатып үй салу» жобасы аясында демеушілер есебінен осы жылы барлығы 15 ауылдық округте 14 үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр екен. Оның ішінде 5 үй сатып алынса, 9 үйдің құрылысы іргетасынан бастап қаланып, жыл соңында аяқталмақ.

Ауданда жастарға жағдай жасау мәселесі де басты назарға алынған. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде штаттық кесте бойынша барлығы 25 қызметкер жұмыс істейді екен. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 миллион теңгеге әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылыпты. «Жастар арасында Қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау» тақырыбында да жүйелі жобалар іске асырылуда. Т.Рысқұлов ауданындағы NEET жастарының 6 айдан аса уақытта жұмыс жасамаған, біліктілігін арттырмаған, атқарушы органдарда тіркелмеген 18-28 жас аралығындағы жастар базасы жасақталыпты. NEET жастар санаты жыл басында 81 жасты құраған. Адрестік жұмыстар нәтижесінде NEET жастар саны жылдың 6 айғы қорытындысы бойынша 49-ға дейін төмендеген. 32 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылса, оның ішінде 5 жас кәсіпкерлік бағытында қайтарымсыз грант иегері атаныпты.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша «Құлан агротехникалық колледжінінен студенттер және жұмыссыз, NEET санатындағы 42 жас қоғамдық жұмысқа тартылып, көгалдандыру жұмыстарына атсалысыпты. Аталмыш бағдарламаға аудандық бюджеттен 1982,00 тенге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк багдарламасының II бағыты бойынша 200 айлықтық есептік көрсеткіш негізінде (583 мың тг.) кайтарымсыз грант алған жастар саны 91-ді құрап отыр. Олардың ішінде 50 пайызы мал шаруашылығымен айналысса, қалғаны тігін цехы, дәнекерлеу, шаштараз секілді сервистік кәсіп түрлеріне ден қойған.

Есепті кезеңде 661 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылса, оның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына – 250, жастар практикасына 60, әлеуметтік жұмыс орындарына – 15, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына – 125 жас жіберіліпті. 11 жас кәсіби оқытудан өтіп, кәсіпкерлік негіздерін оқу құқығына 36 өрен ие болған. 22 жас буын шағын несие алған. Жыл басынан бері волонтерлік бағытта «Жастар ресурстық орталығының» ұйытқы болуымен, «Жалынды жастар» еріктілер корпусының бастамасымен аудан аумағында әр түрлі форматта 55 шара ұйымдастырылыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.