Жемшөп тапшылығының алды алынуда

0 234

Былтыр көктем жетіп, елдің аузы аққа тиіп, малдың аузы көкке ілінеді деп жүргенде ойламаған жерден күн суып, күн аралатып қар жауғаны есте.

Әшейінде «Қыс шанаңды жаз сайла» деген нақылқа жүгінетін өңірдің кейбір тұрғындары сол кезде малына шашатын шөп таппай абдырап қалған еді. Тіпті кейбір аудандарда мал шығыны болғанын жасырып қайтеміз? Былтырғы жағдай сабақ болғандықтан, биыл шаруалар жаз шықпай жатып, қолына шалғы-орағын алып, арық-атызды жағалап кеткенін көзіміз көріп отыр. Ондағы басты мақсат – қыстың қытымыр аязында шөп іздеп көше кезбеу. Қолдан келгенінше мал азығын молынан дайындау. Өйткені биыл еліміздің Атырау, Қызылорда секілді бірқатар өңірін қуаңшылық жайлап, жаздың күні түлік біткен аштан қырылып жатқандықтан, шаруалар алдағы қысқа сақадай сай қамдануға бекінген.

Бүгінде малдың жемшөбін молынан дайындауға кіріскен өңірдің бірі – Жамбыл ауданы. Ғасыр жасаған алып ақынның атын мемденген аудан тұрғындары қуаңшылықтың алдын алу мақсатында белсенді жұмыс атқаруда. Одан бөлек, жемшөп бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін түрлі амалдар жасап бағуда. Мәселен шілде айының алғашқы онкүндігінен бастап, Аса ауылының Тараз қаласынан барғанда Қаратау қаласына бұрылатын тұсы мен, қаракемер ауылына шыға берістегі екі жерден «Жемшөп сату» жәрмеңкесін тұрақты түрде ұйымдастырып жатыр. Осы жолы аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Самат Жарасбаев, бөлім статисі Еркін Тоқберген және аудандық фермерлер қауымдастығының төрағасы Аманалы Құрбанов аталған жәрмеңкеге арнайы қатысып, шөптің өткерілу бағасын бажайлап қайтқан еді. Қазіргі таңда жәрмеңкедегі шөптің бағасы нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен саудаланып жатқан жайы бар.

Құрақ, пішен секілді табиғи шөпке қарағанда құны қымбат жүретін жоңышқаның 1 түгі 1000-1400 теңгеден, ал табиғи шөптің 1 түгі 550-800 теңгеден, сабанның түгі 500-700 теңгеден өткерілуде. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімі берген мәліметке иек артсақ, биыл шөп дайындау жоспары 159300 тоннаны құрамақ. Оның ішінде пішендеме 11 мың тонна болса, сабан 44,2 мың тонна.

Аудандағы шабындық 33478 гектар жерді алып жатса, оның ішінде көпжылдық шөп өсетін алқап 25093 гектар екен. Аталған шабындықтың бүгінде 41699 гектарына орақ түсіп, одан 134908 тонна шөп жиналыпты. Сонымен қатар, 11000 тонна пішендеме, 11160 тонна сабан, 5710 тонна жем әзірленген. Шөп ору науқанына 48 комбайн, 60 шөп тайлағыш және 130 тасымалдайтын авткөлік жұмылдырылыпты. Бұдан бөлек аудан аумағындағы 8385 га шабындықпен қаоса, мал азығын дайындауға сай-сала және каналдар жағалауларындағы шөп шабуға жарамды 429,9 гектар жерді де жергілікті тұрғындар орып алуда.

Өңірде былтырдан қалған 7000 тонна шөп қоры сақталған және аудандағы орман жер қорындағы 655 гектар шабындықты «Жамбыл ЕТ МS» ЖШС, «Пионер» ӨК және «ММ» ШҚ бригадалары орып жинауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.