Жайылым тапшылығын жою қарастырылуда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкімет пен жергілікті атқарушы органның алдына қойған басты талаптарының бірі – жер ресурстарын тиімді пайдалану.
Бүгінгі таңда Талас ауданының жер көлемі 1220,5 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер — 478,8 мың гектар, оның ішінде егістік жерлер — 20,2 мың гектар. Елді мекендердің жерлері — 52,6 мың гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер — 27,3 мың гектар, орман қорының жері — 602,4 мың гектарды, су қорының жері — 6,5 мың гектар және босалқы жерлер — 52,8 мың гектарды құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту индикаторы бойынша 2021 жылға 5600,0 гектар жоспарланыпты. Ағымдағы жылдың ақпан айында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне 1 конкурс ұйымдастырылып, жалпы көлемі 7943,4 мың гектарды құрайтын 37 жер учаскесі, оның ішінде 684,2 гектар суармалы егістік, 25,16 гектар шабындық, 6784,1 мың гектар жайылым жер учаскелеріне шаруа қожалығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығы берілген.
Елді мекен шегіндегі жер учаскелеріне аукциондар ұйымдастыру индикаторы бойынша ағымдағы жылға жоспар 3 аукцион болып белгіленген. Жоспарға сәйкес, 1 аукцион өткізіліпті.
Бос ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлерді қайта айналымға енгізу индикаторы бойынша ағымдағы жылға 600,0 гектар егістік жоспарланса, ақпан айында өткізілген конкурс арқылы көлемі 684,2 гектарды құрайтын суармалы егістік жер учаскесі конкурс арқылы уақытша ұзақ мерзімге жалға беріліпті.
Айналымнан шығып қалған егістік жерлерді айналымға қайта қосу индикаторы бойынша белгіленген 200,0 гектар орындау жоспарланса, бүгінгі күнге жалпы көлемі 169,0 гектарды құрайтын жер учаскелерінің алқабы жайылымнан егістікке ауыстырылған.
Ағымдағы жылдың ақпан айында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне 1 конкурс ұйымдастырылып, жалпы көлемі 7943,4 мың гектарды құрайтын 37 жер учаскесі, оның ішінде 684,2 гектар суармалы егістік, 25,16 гектар шабындық, 6784,1 мың гектар жайылым жер учаскелеріне шаруа қожалығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығы беріліпті.
Аудан бойынша елді мекендердің жайылым жері 45,6 мың гектарды құрайды. Елді мекендегі малдардың жалпы саны 165,5 мың болса, нормаға сәйкес қажет ететін жайылым көлемі 140,1 мың гектар. Қосымша қажет ететін жайылым көлемі 94,6 мың гектарды құрап отыр.