Құрылысы тоқтап қалған нысанға қайта жан бітті

0 334

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірқатар құрылыс нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысты. Алдымен Шекара қызметіне тиесілі жаңа нысанда болды. Мердігер сәуір айында басталған құрылыс жұмысын жыл соңына тапсыруды жоспарлауда.

Бұдан кейін облыс әкімі «Таразға тарту» жобасы аясында Тұңғыш Президент саябағында орналасқан жасанды көлшіктің суын тазартып, эскизді жобаға сай ретке келтіру және айналасын абаттандыру жұмысының барысын көрді. «АдияГрупп» ЖШС директорының кеңесшісі Данияр Жетпісбаевтың айтуынша, суды бұрғылау арқылы 30 метр тереңдіктен шығарыпты. Жасанды көлшіктің табаны мен жағалауына тас төселіп, су жіберіліпті. Ал жағажайына шым төсемек. Бұл нысанды мердігер 15 тамызда қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Бұл жағажайды жасаудағы мақсат –көгалға адамдар келіп біруақыт демалысын өткізетін болады. Мүмкін болса суға балық жіберу жағыда қарастырылмақ. Облыс әкімі бұл ретте, форель балығын өсіруге мүмкіндік туатынын жеткізіп, су жағасын көгалдандырып, сәндік ағаштар отырғызу керектігін ұмытпаған жөн екендгін айтты.

Сондай-ақ аймақ басшысы сол арадағы Шу мен Қордай аудандарының «Таразға тарту» жобасы аясында абаттандырылып жатқан ашық аспан астындағы сахнаны көріп, оның жобасына аздаған өзгерістер енгізді.

Бұдан кейін құрылысы біраз күннен бері тоқтап тұрған «Оқушылар сарайына» соқты. Бұл нысанда облыс әкімі бір апта бұрын да болған. Сол кезде мердігердің құрылысқа қажетті материалы жоқтығынан құрлысы тоқтап тұрғанын көріп, көмек беретінін айтқан еді аймақ басшысы.

«ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС учаске бастығы Батырбек Тұрсынбеков облыс әкімінің тапсырмасымен қажетті материал жеткізіп жатқанын атап өтті. Құрылыстың тоқтап тұруына плита қажет болған. Екі күнде 36 плита әкелініп, жұмыстар жалғаса түсті. Ендгі мақсат жұмысты сапалы әрі дер кезінде аяқтау. Жалпы, бұл нысанды аяқтау үшін 200 плита 20 тоннадай арматура қажет. Бірақ, бұл мәселеде шақын арада шешілмек.

Аймақ басшысы өз сөзінде, қарап отырмай ертеңнен кешіктірмей құрылыс жұмысын қайта жандандыруға тапсырма берді. Ал, тапсырманың орындалу облыстық білім басқармасына жүктелді. Білім басқармасы құрылыстың уақытында бітуін ғана емес, жаңа сарайдың сапаына да баса назар аударатын болады. Өйткені, бұл нысан болашақта жастардың жиылатын ордасы әрі Тараздың ең бір әдемі ғимараттарының бірі болмақ. Жастар ел болашағы. Сондықтан облыс әкімі болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан дүние барынша заманауи әрі талапқа сай болуы қажеттігін де ескерді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.