Жамбыл ауданында «Бәрі бар» сауда нысаны ашылды
Аудан орталығы – Аса ауылында тойхана иесі бизнестегі бағытын өзгертті. Әлем елдерін әбігерге салған коронавирус инфекциясы салдарынан, тұрғындар денсаулығы үшін «Наурыз» тойханасы жұмысын тоқтатқан болатын. Аса ауылының Абай көшесі бойында орналасқан «Наурыз» мейрамханасы 2005 жылы 250 орынға шақталып ашылылған болатын. Дерт алқымнан алған шақта сарапшылардың талаптары бойынша мейрамханаларға шектеулер қойылуына байланысты жұмысын тоқтатқан. Мұнан соң мейрамхана иесі Г. Жүнісбекова аумағы 300 шаршы метрді құрайтын нысанды «IRIS GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры М. Алтаевқа жалға берген. Кәсіпкер тойхананы ішкі құрылымына өзгерістер еңгізіп, «Bari Bar» тұрмыстық тауарларының сауда орталығы етіп қайта ашып, 5 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Орталықтың сәнін келтірген сауда орталығының ашылуына аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркісіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев, Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары Ертай Бозымбеков, Аса ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахым Жапаров қатысып, жеке кәсіпкердің жұмысына береке тіледі.
Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ