Жемқорлықты жою – басты міндет
Соңғы жылдары қоғам дертіне айналған жемқорлықтың алдын-алудың түрлі шаралары жасалуда. Жалпы жемқорлықтың тамырына балта шабу мақсатында, Тәуелсiз Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiнде ТМД елдерiнiң iшiнде алғашқы боп заң қабылдады. Ал кейінгі жылдары жемқорлықты жою бағытында қолға алынған жүйелі жұмыстар оң нәтижесін бере бастады деуге толықтай негіз бар.
Осы бағытта Шу ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің тапсырмасымен «Шу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылып, департаментпен бірлескен жұмыстар атқарылуда. «Шу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде «Адал көмек» жобасы аясында бекітілген жоспарға сәйкес 48 тікелей эфир ұйымдастырылған. Аталған эфирде мемлекеттік орган басшылары, ауыл әкімдері, заңгерлер, нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылар, мекеме басшылары тұрғындарды жиі мазалайтын сұрақтар бойынша консультативтік кеңестер беріп, әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берген.
Сонымен қатар аудан тұрғындары арасында 5 рет блиц сауалнама жүргізіліп, жобалық кеңсенің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланған. 2021 жылдың сәуір айында «адалдық елшілері» еріктілер тобы құрылып, тиісті чат ашылыпты. «Парасат жолы» жобасы бойынша әр аптаның жұма күндері белсенді қауым, жастар және қоғам қайраткелері мен мектеп педагогтерінің қатысуымен 12 кездесу өткізілген.
«Шу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары саналатын салаларға арнайы зерделеу жүргізіп, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруда. Атап айтқанда жобалық кеңсенің қызметкерлері ҰБТ жұмысына тұрақты бақылаушы ретінде енгізіліп, коронавирус індетінің алдын алу бағытында құрылған мониторинг топтың құрамына кірді. Сондай-ақ, «Сапалы жол» жобасы аясында жөндеуден өткен 11 автомобиль жолдарына зерделеу жұмыстары жүргізіп, 6 көше жолынан кемшіліктер анықтап, ұсыныстар енгізді.
Аудан әкімі аппараты қызметкерлері тарапынан әкімдікке 3 мекемеге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ішкі талдау жұмыстары ұйымдастырылып, тиісті ұсынымдар берілген Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі уақытта аудандағы 18 ауылдық округ әкімі аппараттары «Ашық әкімдік» фронт кеңсесінің форматында жұмыс жасауда. 2019 жылдың сәуір айында Шу қаласында «Сервистік әкімдік» ашылған болатын. Ағымдағы жылдың маусым айында Шу ауданы әкімі аппараты ғимаратынан заманауи үлгіде жабдықталған «Сервистік әкімдік» кеңсесі іске қосылып, аудан орталығы тұрғындарына қажетті қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігі ашылды.
Сонымен қатар, Дулат, Қонаев, Ескі-Шу, Жаңақоғам ауылдық округ әкімі аппараттарынан «Сервистік әкімдік» ашуға қаржы бөлініп, бүгінгі күнге құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. (Аяқталу мерзімі 01.08.2021ж).
Ауданда 79 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасауда. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы тұрғындарға электронды қызметтерді кез келген уақытта алуға мүмкіндік бар.
Ағымдағы жылға «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағытында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа жергілікті бюджет есебінен 800,0 мың теңге қарастырылып, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жүргізілуде.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру мақсатында аудан аумағында 12 дана көрнекі ақпарат құралдары орналастырылып, 2000 данадан астам брошюралар таратылған.
Аудан әкімдігіне бағынысты барлық мекемелердің «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы аясында 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері интерактивті картаға орналастырылыпты.
Аймақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.