Мал басы артып келеді

0 191

Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының драйвері. Сол үшінде асыраушы саланы қарқынды дамыту маңызды міндет болып есептеледі. Әсіресе, ата кәсіп арқылы ризығын айырып отырған шаруалар есебінен мал санын көбейту жүйелі жоспардың бірі ретінде қарастырылған. Соның арқасында биылғы маусым айында облыстағы мүйізді ірі қара саны 533,7 мың басқа жетіп, бұрнағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сиыр саны 10,4 пайызға артыпты. Қой мен ешкі саны – 3 702,4 мың бас (4 %-ға), жылқы – 165,1 мың бас (6,4 %-ға), құс – 1 742,8 мыңға (10,9 %-ға) көбейіпті.

Мал шаруашылығы өнімдерінен тірідей салмақтағы ет өндірісі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда – 6 пайызға (58,8 мың тонна), сүт өндірісі 1,7 пайызға (156,8 мың тонна), жұмыртқа өндірісі 6,4 пайызға ұлғайып, 65 829 мың дананы құрапты.

Ағымдағы жылы су үнемдеу технологиялары 40,4 мың га алқапқа орналастырып, өткен жылмен салыстырғанда 10,4 мың га артты. Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,035 миллиард теңге, республикалық бюджеттен қосымша 310,0 миллион теңге қарастырылып, жоспар бойынша 30 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына қолдану жоспарланған екен. Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тарапынан 25 551,9 тонна минералды тыңайтқыштар алынып, 152 227,5 гектар алқапқа ендіріліп, 85,2 пайызды құраған екен.

Жыл басынан бері облыс бойынша жалпы 634 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, 6 айдың қорытындысымен жаңару деңгейі 5,2 пайызды көрсеткен. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша өндірілген сүттің 59,8 мың тоннасы немесе 38 айран, май, қаймақ, сүзбе, ірімшік ретінде қайта өңделіпті. Сол сияқты өндірілген еттің 7,5 мың тоннасы немесе 13 пайызы шұжық, фарш секілді өнімге айналдырылған.

Өндірілген майлы дақылдардың 8,3 мың немесе 18% қайта өңделді.

Осы жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 25,8 миллиард теңге қарастырылған көрінеді. Тарқата айтқанда, республикалық бюджеттен – 13 710,4 миллион теңге, ТОХ – 9 800 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 2 300 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде, бюджеттік кредит және трансферттерге – 6 033,2 миллион теңге, субсидияларға – 19 158,3 миллион теңге және басқа бағыттар үшін – 620,2 миллион теңге қарастырылыпты.

Ағымдағы жылғы маусым айында 10 195,4 миллион теңге қаражат игеріліп, нәтижесі 99,9 пайызды құраған. Жыл басынан бері жалпы 18,9 миллиард теңгеге мемлекеттік қолдаулар (субсидия -8,6 млрд. тг, несие – 10,3 млрд. тг) көрсетіліп, орта есеппен бір шаруашылыққа шаққанда агрокешендерге берілген қаржы көлемі 1 миллион теңгеден астам қаржыдан айналған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.