Онкологиялық аурухана салынуда

0 319

Бүгінде онкологиялық аурулардың түрі мен осы дертке шалдығушылардың қатары күн өткен сайын артып келеді. Сондықтан да бұл әлем елдерін алаңдатарлық мәселеге айналып отыр. Себебі, аталған дертке шалдыққан адамның беті бері қарауы сирек. Десе де әлемде медицинасы дамыған озық мемлекеттер дәрігер-ғалымдардың арқасында онкологиялық аурулардың кейбір түрімен күресе алатынын мүмкіндікке ие болуда. Осыны қаперге алған Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында созылмалы ауруларды қашықтан диогностикалау, онкологиялық ауруды ерте сатысында анықтау мен емдеуеде әлемдік тәжірибеге иек арту қажеттілігін сөз ете отырып: «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінде аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет», – деген болатын.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы тапсырмасы бойынша ұлттық ғылыми онкологиялық орталық  салынып жатқаны белгілі. Дегенмен аты жаман ауруға шалдығушылардың өз өңірімізде қатары аз емес екені белгілі. Ал оларды емдеп жазу үшін білікті дәрігерлерден бөлек, заманауи талаптарға сай жарақталған медициналық емдеу мекемесінің болуы ең бңрңншң таларп. Осыны ескерген облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен Тараз қаласында онкологиялық аурухана құрылысы қолға алынғаны белгілі. Биыл жыл аяғында пайдалануға берілуі тиіс орталықта қатерлі ісік ауруларын анықтау мен емдеудің алдыңғы қатарлы технологиялары пайдаланылады деп күтілуде. Яғни, келешекте аталған медициналық мекеме өңірдегі онкологиялық аурулармен күрес жүргізуде заманауи кешеннің рөлін атқаратын болады. Жуырда аймақ басшысы құрылысы жаңадан жүргізіліп жатқан шаһардағы бірқатар нысандарды аралау барысында аталған ауруханаға да ат басын бұрды. Ондағы құрылыс жұмысының қарқыны мен сапасына мән берген Б.Сапарбаев болашақта созылмалы ауруларды емдейтін нысан құрылысының талапқа сай болуына баса мән берді. 14-шағын ауданның тұсынан іргесі қаланған ғимаратты «Тур-Ахмет и Компания» жауапкершілігі салып жатыр екен. Дегенмен облыс әкімі «Бұл – әлеуметтік нысан. Сол себептен мұнда олқылықтарға жол берілмеуі керек. Жұмыстың сапасын мұқият қадағалаңыздар. Мемлекет қаржысының әр тиынының сұрауы бар, — деді. Аталған нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.