«Е-өтініш» ел үшін оңтайландырылды

0 298

Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің қабылдауына байланысты еліміздің әр тұрғынның мемлекеттік органдарға жолданған өтініштері 1 шілдеден бастап «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне енетін болады.

Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмыстарын жеңілдетіп, өтініштердің бақылауын жетілдіретіп, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі Мемлекет Басшысының  Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.

«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініштерді автоматты түрде бөлуге, мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландырып, өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға жағдай қалыптастырады. Сондайақ өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады және мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.

Жүйенің ерекшілігі, 1 шілдеден бастап, өтініш беруші «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы өтініштің қарау барысын қадағалау мүмкіндігіне ие болды.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқармасының аға прокуроры Қалыбек Жақыбаев, Тараз қаласы әкімдігінің құжаттама және басқару бөлімінің басшысы Гүлнар Әбдікерімова баяндады.

Сонымен қатар, әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты сұрақтары бойынша өзінің құқықтары мен міндеттері туралы өтініш беруші түсіндірме алуға құқылы,  дәлелдемелерін ұсынуға және  оларды зерделеуге қатысуға, оның ішінде түсініктемелер беруге, қажет құжаттарды ұсынуға құқылы.

«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша Тараз қаласында 34 мекеменің тізімі жасақталған. Қазіргі таңда 682 жұмыс орны анықталып (өтініштермен жұмыс жасайтын қызметкерлер), барлық орындарға ақпараттық жүйе орнатылған.

Яғни, қала мекемелері тарапынан ақпараттық жүйемен жұмыс жүргізілуде және ақпараттық жүйені енгізу бойынша мамандарды оқыту, дайындау жұмыстары қолға алынуда.

Бүгінде қала әкімінің аппараты мен әкімдік бөлімдерінің 159 қызметкері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы филиалында 2 күндік оқыту семинарына қатысуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.