Токиодағы Олимпиада қатысушылары арасында алғашқы COVID-19 жағдайы тіркелді

0 516

Токиодағы Олимпиада қатысушылары арасында ПТР-сынамасы арқылы расталған алғашқы коронавирус жағдайы анықталды, — деп хабарлайды Reuters.

Уганданың бокстан Олимпиада құрамасының мүшесі COVID-19-ға сынама тапсырғанда оң нәтиже көрсеткен. Бұл шетелдік құрама мүшесінен инфекция анықталған бірінші жағдай. Токиода өтетін Олимпиада қатысушыларына сынама тапсыру міндетті саналады.

© REUTERS

Угандалық спортшы екі рет сынама тапсырып, екеуі де оң нәтиже көрсеткеннен кейін оқшауға алынған. Кейін Угандадан келген тоғыз спортшының бәрі AstraZeneca вакцинасын алғаны және бортқа отырар алдында ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткені анықталды.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Пандемияға байланысты жарыстар бір жылға кейінге қалды және қазір 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар олипиаданы шетелдік жанкүйерсіз өткізуге және жарыстарды көруге арналған аймақтарды ұйымдастырудан бас тартты.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.