Бекшин Алматыда каратин талаптары жеңілдетілетінін айтты
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 19 маусым жаңа қаулы күшіне енетіні туралы мәлімдеді. Жаңа құжатта бизнес үшін бірқатар жеңілдіктер енгізілетін болады.
Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтана бастаған кезінде тұрғындардың вакциналануы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ санитарлық шараларды сақтау қажеттігін еске салды.
«Алматы 12 маусымнан бастап «жасыл» аймақта тұр. Айдың басынан бері коронавирус ауруы 2 есе азайды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 112 жағдайы тіркелді, ал тәуліктік өсім 0,1%-ға төмендеді, — деді Жандарбек Бекшин.
Алматы қаласында эпидемия басталғалы КВИ-дің 71 820 жағдайы, ал осы жылдың басында 53 мыңнан астам жағдай тіркелгенін айтты.
«Халықтың 100 мыңына шаққанда ауру деңгейінің төмендеу динамикасы тұрақты, соңғы 7 күнде 64,7-ден 39,8-ге дейін азайды, репродуктивті сан 0,79 деңгейінде тұрақтанды, бұл “жасыл аймақ ”параметрлеріне сай», — деп түсіндірді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.
Жандарбек Бекшин 19 маусымнан бастап күшіне енетін Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысының дайын екенін айтты. Жаңа құжатқа сәйкес бизнес үшін бірқатар жеңілдіктер белгіленген.