Жоғалған 47 жастағы азаматтың денесі Сырдариядан табылды

0 291

Қызылорда қаласында 47 жастағы азаматтың денесі екі күннен кейін Сырдария өзенінен табылды.

Ол 14 маусымнан бері хабарсыз кеткен. Сүңгуірлер 15 маусымда 13.00-тен бастап Сырдария өзенінің төменгі ағысынан 1,2 шақырым аралықта іздеу жұмыстарын жүргізді. «Құтқарушылар Талсуат елді мекеніне дейін моторлы қайықпен су бетімен 15 шақырым аумақты қарап шықты. Сондай-ақ«Ягодка» саяжайына іздестіру жүргізілді. Ол күні 20.33 минутта іздестіру шарасы уақытша тоқтатылды. Бұл жұмыстар 16 маусымда таңғы сағат 05.30-дан бастап қайта жалғасты. Нәтижесінде сағат 16.30-де оның мәйіті судан шығарылып, туыстарына табысталды», — деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Ведомство мәліметінше, іздестіру жұмыстарына барлығы 15 адам мен 6 автокөлік, оның ішінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 8 құтқарушысы мен 3 техника жұмылдырылды. Жыл басынан бері облыcта 19 адам суға кеткен. Оның 13-і бала. Қызылордада жыл басынан бері 15 адам суға батып кетті.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.