Үйінде қару құрастырған ауыл тұрғыны тұтқындалды

0 305

Солтүстік Қазақстанда зейнеткер үйде жарылғыш құрылғылар құрастырған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Шал ақын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қолдан жасалған жарылғыш заттарды 63 жастағы ауылдасынан тәркілеген.

«Тимирязев ауданының орталығына келген тұрғыннан полицейлер пышақ пен пілтелі темір түтікше сияқты қолдан жасалған қаруға ұқсас затты байқаған. Тексеру барысында оның үйінен жарылғыш құрылғылар жасауға арналған басқа да заттар, патрон мен қолдан жасалған екі граната табылды», – дейді полицей.

Сараптама табылған заттардың қолдан жасалған граната мен өздігінен жарылатын оқ-дәріге жататынын анықтады.

Тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.