ҰБТ-да жоғарғы балл жинаған түлектің нәтижесі жойылды: Миниcтрлік себебін айтты

0 358

Білім министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Дидар Смағұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинаған түлектің нәтижелері не себепті жойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды “Sputnik Қазақстан” басылымы.

“Оқушы қыздың орнына тестілеуге бсқа адам келгені анықталды. Бізде баланың тестілеуге кірмегені, оның орнына басқа адамның тест тапсырғанына қатысты дәлелдер бар”, – дейді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы.

Дидар Смағұлов ҰБТ нәтижелерін жою күрделі мәселе екенін айтты. Мұндай шешімді арнайы комиссия қабылдайды.
Бұған дейін Түркістан облысының Тамерлан ауылының оқушысы ҰБТ нәтижелері жойылғаны белгілі болды. Мектеп оқушысы алдыңғы тестілеумен салыстырғанда өте жоғары балл жинаған.

Биылғы жылы электронды ҰБТ-ны енгізуге байланысты білім министрлігінің басшысы ұлттық тестілеу нәтижелеріне бақылауды күшейтуді бұйырды.

Биыл Қазақстан тарихында тұңғыш рет Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматта өтіп жатыр. Тестілеудің адал өтуін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекіткен көп сатылы киберқауіпсіздік жүйесі бақылайды. Сонымен бірге түлектер ҰБТ-ны екі рет тапсырып, білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік алады.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.