Полицейлер күн сайын ішімдік ішкен 70-ке жуық жүргізушіні ұстайды

0 332

Полиция қызметкерлері күн сайын 70-ке жуық мас жүргізушіні ұстайды.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асқар Тәженов айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанда ішімдік ішіп, көлік жүргізген жүргізушілер 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

«Биыл 5 айда мас күйде көлік жүргізгені үшін 8,5 мыңнан астам жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартты. Бұл полицейлер бір күнде шамамен 70 мас жүргізушіні ұстайтынын білдіреді», – деді Асқар Тәженов.

Бұған дейін астанада зейнеткерді автобус қағып кеткенін жазған болатынбыз.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.