Енді саябақтар мен базарларға маскамен ғана кіргізеді

0 52

Алматылықтар саябақтар мен базарларға маскамен ғана кіргізілетін болады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«Коронавирус инфекциясының таралуын одан әрі тоқтату жөніндегі штаб халық жаппай баратын орындарға, атап айтар болсақ: саябақтар мен базарларға, сауда орталықтарына азаматтарды тек маскамен кіргізу туралы шешім қабылдады», – деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, коронавирус инфекцияның алдын алу бойынша үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. «Профилактикалық шаралар туралы баннерлер жаңартылады: әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу», – деді ол.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.