«90-шы жылдары талай қыз зорланды» деген блогер өзі куә болған сұмдықты айтты

0 44

Соңғы уақытта бірінен кейін бірі әлеуметтік желіге шығып, өздерінің еркектерден көрген зорлығы мен қорлығын айтып, осы мәселе интернетте қызу талқыға түсіп жатқаны мәлім. Осыған қатысты блогер Елмира да «90-жылдары талай қыздың тағдыры талқандалды» деп мәлімдеп, сұмдық жайттарды айтты .

Блогер дәл қазір желіде талқыланып жатқан Натидің жағдайын айта келіп, сол жылдары өз өмірінде болған сорақы жағдайды айтып берді.

«Тоқсаныншы жылдары Алматыға оқуға түсіп, жатақханада тұрдым. Сол кезде ортақ асханада тамақ жасап, бөлмеме келсем, төсегімде бөтен еркек отыр. Бөлмеде ешкім жоқ. Әлгі кісі «қалайсың? Тамақ жасап жатсың ба? Дайын болса, әкел, бірге тамақтанайық» деп, түк болмағандай отырды.

Ол еркектің ойы түзу емесін іштей сезіп, сыртқа шығып, әлгі еркек кеткенше сыртта тұрдым. Университеттің басшыларына айтып жүріп, жатақханаға күзетші қойғызып едім.

Сол жылдары талай жігіттер күшпен талай қыздарды зорлағанын естігенмін», деген блогер сол жылдары қорлық көрген қыздардың қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Бір миллионнан астам қаралған бұл видеоның астына мыңдаған пікір жазылды. Ең сорақысы, пікір жазғандардың басым бөлігі сонау тоқырау жылдарында қыздардың көп зорланғанын айтуда.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі видеода көтерілген мәселені қолдап, 1990-жылдары көптеген адамның тағдыры қиын сынақтарға тап болғанын жазуда. Ал кейбір пікір білдірушілер мұндай оқиғалар құқық қорғау органдары тарапынан жан-жақты зерттелуі тиіс екенін айтуда.

Democrat.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.