4 832,4 гектар жер мемлекетке қайтарылды

0 411

Кеше Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен өткен аппарттық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиында алдымен жер қатынастарына қатысты мәселелер талқыланды.

Бірінші болып сөз алған аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұзақбеков Ерболат Ғалиұлы жердің экспликациялық жағдайы,босалқы жерлердің жай күйі туралы
жұмыстарға тоқталды.

Баяндамашы жер қорының құрамы, суармалы жерлер, орман қоры жерлері туралы ауыл шаруашылығы жерлеріне конкурс өткізу, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары басқа да атқарылып жатқан істерді кеңінен айтып өтті.

Жер қорының құрамы: 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауданның жер қоры 3 136 094 гектарды құрады.

Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер — 609 445 гектар; елді мекендердің жерлері – 72 470 гектар; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлері – 11988 гектар; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 1000 гектар; орман қорының жерлері – 532 092 гектарды; су қорының жерлері – 4 706 гектарды, Босалқы жерлер – 869 392 гектар; басқа мемлекет пайдаланып жатқан жер көлемі – 1 035 000 гектарды алып жатыр.

Сонымен қатар суармалы жерлер:

2020 жылы суармалы егістік жерлер 3927,15 га болса, 2021 жылы 3999,0527 га болды.

3.Пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару бойынша

Аудан бойынша жыл басынан бері жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған жалпы көлемі 15 жер 15830,7187 га учаскелерінің ішінен 8 жер учаскесі көлемі 4832,4 га ауданның босалқы жер қорына қайтарылды. Оның 5 га егістік, қалғаны жайылымдық жерлер.

Ал, орман қоры жерлері:

Сарысу ауданының орман қоры жері 532092 га құрайды. Оның 74684 га жайылым.
Байқадам-7703 га,Тоғызкент-176289 га,Жайлаукөл-348100 га.
52 шаруашылық 49793 га орман қоры жерін келісім шарт арқылы пайдалануда. 2020 жылға қарағанда 10 шаруашылыққа өскендігі де баяндамада қамтылды.

Аудан басшысы нақты тапсырмалар беріп, оның сапалы жүзеге асуын талап етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.