3000-нан астам қордайлық «Еңбек» бағдарламасының шапағатын сезінді

0 308

Қордай ауданы бойынша «Еңбек» бағдарламасы аясында биылғы жылға 1,7 млрд теңге қаражат бөлініп, 2020 жылдың 1 тамызына дейін бағдарлама аясында 3195 азамат көмекпен қамтылып, жоспар артығымен орындалды. Сонымен қатар, бағдарламаның 1-ші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына 39,4 млн теңге қарастырылып, бүгінгі таңда 168 жұмыссыз азамат оқу курстарына жолданды. Айта кетсек, жоспар 8 адамға артығымен орындалған. Сондай-ақ, 17 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ал, бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, аудан көлемінде «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы 230 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту көзделсе, бүгінгі күнде 120 азамат кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, тиісті сертификатын алған. Сондай-ақ, өз-ісін ашуға ниет білдірген 70 азаматқа оқу курстарына жолдама беріліп жоспар 100% орындалды. 2020 жылы кәсібін дөңгелетуге ниет танытқан 150 азаматты шағын несиемен қамту мақсатында 575,2 млн теңге қаражат бөлінсе, олар бүгінгі таңда үміткер ретінде құжаттарын тапсырып, 65 азамат 264,6 млн теңге сомасында шағын несиемен қамтылған (оның ішінде: «Ауыл шаруашылық қолдау қоры» арқылы 62 азамат жалпы сомасы 244,8 млн теңге, «Қордай» несие серіктестігі арқылы 2 азамат жалпы сомасы 15 млн теңге және «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымы арқылы 1 адам жалпы сомасы 4,8 млн теңге шағын несиемен қамтылды). Ал, қалған 75 азаматтың құжаттары қаралу үстінде. Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша ауданда азаматтарды ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтуға республикалық және жергілікті бюджет есебінен 691,1 млн теңге қарастырылып, аудан аймағын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарына 1669 азамат жұмылдырылған (жоспар 69 адамға артығымен немесе 104,3% орындалды). Ал, жас мамандарды жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 174,7 млн теңге қарастырылып, бүгінгі күнге 180 азамат (айлық жоспар 170 азамат) жастар тәжірибесіне жолданып, жоспар 10 адамға артығымен немесе 105,8% орындалды. Олардың ішінен 13 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына 100 адамға 15,8 млн теңге қарастырылып, жоспар 16 адамға артығымен немесе 116% орындалды. Мұнымен қатар, Қазақстанның солтүстік аумақтарына қоныс аудару бойынша жоспар жыл соңына дейін 23 отбасы 92 адам белгіленген. Бүгінгі таңда 5 отбасынан 16 азамат қоныс аударып үлгерді. Үстіміздегі жылы Қордай ауданында 1316 отбасы немесе 6591 азаматты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бас-аяғы 960,1 млн теңге қарастырылған. Ал, қазіргі таңда аудан бойынша 877 отбасыға немесе 4850 адамға 253,8 млн теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілген. Сонымен қатар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың ішінен 1628 баланы кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 103,3 млн теңге қарастырылып, бүгінгі күнге 1233 бала жалпы сомасы 38,9 млн теңгеге әлеуметтік топтамамен және тұрмыстық химия құралдарымен қамтамасыз етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.