Ауыл әкімдері халықпен кері байланыс орнатуда

0 44

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарды қоғамдық Диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», – деп атап көрсеткен еді.

Аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін Жамбыл ауданы әкімі Сәкен Арубаев аудандағы ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына кезінде арнайы тапсырма берген болатын. Нақты айтқанда Жолдау жүктеген міндеттерді бірлесіп жүзеге асырудың маңыздылығына мән беріп, әр ауыл әкімі мен бөлім басшыларына әлеуметтік желілерге тіркеліп, атқарылған жұмыстарды жариялап отыруды міндеттеген-ді. Әрбір бас қосқан жиында осы тапсырманың орындалуы зерделенген жұмыс қортындысы бойынша алға тартылып, бұл бағыттағы жұмыстардың аяқ алысы Сәкен Қаланұлының өзі шолу жасауымен екшеліп отырады. Әлеуметтік желідегі белсенділік билікті халықпен жақындастыра түсетіні анық. Бұған аталған аудандағы 17 ауылдық округтің әкімдерінің әлеуметтік желіде өздерінің Facebook және Instagram парақшаларын ашқып, халықпен кері байланыс орнатуы дәлел бола алады. Мәселен Гродикова ауылдық округінің әкімі Болат Қожабеков тұрғындар сауалына қатысты жиын өткізіп, гродиковалықтарға мән-жайды егжей-тегжейлі түсіндірсе, Қарой ауылдық округінің әкімі Төрехан Тапжанов осы ауыл тұрғынының бірі көтерген көшеге асфальт төселсе деген мәселесіне нақты дәлелдерімен жауап қайтарыпты. Сол секілді Қарасу, Көлқайнар, Жамбыл, Өрнек, Ақбастау ауылдық округтерінің әкімдері де өз парақшаларында атқарылған жұмыстар туралы және алдағы жоспарлары туралы бөлісіп, белсенділігін көрсетіп жатыр екен. Халықпен кері байланыс орнатқан ауыл әкімдерінің жұмысы қоғаамда өз маңыздылығын көрсетіп отыр. Өйткені ауыл не аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылушылардың қатары бүгінде біршама кеміп, есіктен-есік қағып, ауданға сабылатындар азайған.. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жүйелі жүргізіліп, кез келген тұрғындардың өтішіне сол салаға қатысты басшылар тез арада жауап беруі қадағалауға алынбақ.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.