1000 гектар арпа орылды
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Жалпы биыл қожалық 87 миллион теңгеге жаңа техника сатып алған. Лизингтің көмегімен агроқұрылымның меншігінде техникалық парк 60-70 пайызға жаңарған. «РАУ-6» маркалы тыңайтқыш шашатын механизмі де бүгінде диқандардың көп жұмысын жеңілдеткен. Шаруа қожалық басшылығы болашақта дәл осы механизмнің көмегімен 150 гектарға жоңышқа дақылын егуді жоспарлап отыр
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Жайқалған егіске ораққа түскеннен бері Т.Рысқұлов ауданындағы диқандар 1 мың гектар алқаптағы арпаны қамбаға жинап алған. Шіліңгір шілденің ыстығына қарамастан жергілікті диқандар «Шыңырау», «Сорбұлақ» алқаптарындағы мың гектар жердегі күздік бидайды оруға кіріспек. Қазір егістіктің әр гектарынан 7-8 центнер көлемінде астық жиналып жатыр.
Шаруа қожалық жетекшісі Қадірбек Құлбарақов егіс науқанының қарбаласқа толы екендігін айтады.
– Егіске орақ түскелі ұйқыны ұмыттық деуге де болады. Жыл сайын осы кезеңде дала төсінде еңбек науқаны қыза түседі. Қазір алқапта 4 трактор жүр. Тракторшылар екі аусымда жұмыс істеп жатыр. Олардың жағдайын жасап жүрген жәрдемшілердің де еңбегі ерен, – дейді Қ.Құлбарақов.
Техникалық мүмкіндігін арттырумен бірге агроқұрылым дала төсінде маңдайын күн қақтап жүрген диқанның бар жағдайын жасаған. Жұмысшылар ендігі кезекте еңбек өнімділігін арттыруға күш салып жатыр.
– «Үш ағаштағы» егіс алқабындағы дала қосынында диқаншы-механизаторлардың алаңсыз демалуына бар жағдай бар. 20 адамға арналған демалыс бөлмесі душ пен монша да қызмет көрсетеді. Асхананы қызметіне де де ешқандай шағым жоқ. Жұмысшылар дәнді дақылды өз уақытысында жинап алуға бір кісідей жұмылған, – дейді бригадир Батырбек Теңізбаев.
Бұл Тұрар Рысқұлов ауданындағы бір ғана шаруа қожалығындағы жағдай. Аудандағы өзге агроқұрылымдар да науқандық жұмысты көрсетілген меженің үдесінен шығуға кұш салуда.



