ӘЛЕУМЕТТІК ДИАЛОГ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ: ҚАЗАҚСТАНДА ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАР САНЫ АРТТЫ

0 58
Қазақстанда жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы өзара түсіністік пен келісімге негізделген еңбек қатынастары кеңейіп келеді. 2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша елімізде 19 683 ұжымдық шарт цифрландырылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 11 мыңнан астам келісімге өскен.
Әлеуметтік әріптестікті дамыту – еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Тәжірибе көрсеткендей, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында тұрақты әрі ашық диалог орнаса, еңбек дауларының алдын алуға, жалақыға қатысты мәселелерді уақытында шешуге және жұмысшылар үшін тұрақты жағдай жасауға болады.
Ұжымдық шарттарды цифрлық форматқа көшіру тараптардың өз міндеттерін қалай орындап жатқанын бақылауды жеңілдетеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.