Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды

0 79
Қазақ қаламгерлерінің шығармалары әлемнің 125 еліндегі оқырмандарға қолжетімді. Ұлттық әдебиетіміздің туындылары ондаған тілге аударылып, шетелдік кітапханалар мен жоғары оқу орындарының қорына еніп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Қазақ поэзиясы мен прозасының антологиялары БҰҰ-ның 6 ресми тіліне аударылып, 90-нан астам елдегі 23 мыңнан астам кітапхана, ЖОО және ғылыми орталыққа таратылған.
📖 Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Абайдың «Қара сөздері», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы сияқты шығармалар шетелдік оқырмандар арасында кеңінен танымал.
🌍 Сонымен қатар қазақ әдебиетін насихаттайтын орталықтар 41 елдің ұлттық кітапханаларында жұмыс істейді. Ұлттық академиялық кітапхананың ресурстарын әлемнің 120 еліндегі оқырмандар пайдаланады. Ал Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасына 125 мемлекеттен пайдаланушылар кіреді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.