Жұмыс барысымен танысты

0 38

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев «Тараз-көлік жолы» ЖШС-інде болып, жұмыс барысымен танысты.

Негізгі қызметі: Автокөлік жолдарың жөндеу және құрылыс жүргізуге қажетті материалдар дайындау.

Жобаның мақсаты: Құрылыс құмын, қиыршық тас, құм аралас қиыршық тастар өндіру,
қиыршық тастың оңтайлы қоспасын және асфальт дайындау зауыты.

Қуаттылығы жылына 50 000 м³-ты құрайды. 35 адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтиды.

С-185 асфальтбетон заводы және КСД-900 уақтау-сұрыптау қондырғысын электрмен қамтамасыз ету жұмыстары «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасымен іске асырылған.

Зауыт маусымды жұмыс атқарады.

Зауыт 2020 жыл қорытындысымен 13 мың тоннадан аса өнім өндірген.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.