Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет

0 126

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі,

Құқық қорғау органының негізгі қызметі — кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әректтер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім –тәрбие беру.

Сондықтан Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті- заң талаптарын сақтау, өзге адамдардың құқығын бұзбау, өзіне жүктелген міндеттерін жете біліп орындау болып табылады. Заңды білмеу, оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз.

Бұдан бөлек, Талас ауданы прокуратурасы аудан білім бөлімі мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу бағытында іс-шаралар жүргізу жоспары бекітілген.

Жоспарға сәйкес отбасылық зорлық-зомбылық, нашақорлық, кереғар дін ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері, өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу жөнінде аудан аумағында орналасқан мектептерде жоғары сынып оқушылардың қатысуымен түсіндіру лекция-семинар апта сайын жүргізілуде.

Осындай Талас ауданының прокуратурасымен білім бөлімі аудандағы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен бұқаралық спорт түрін насихаттау мақсатында жастармен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилкатикасы және этносаралық келісім эстафеталық жарыстарын өткізді.

Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Оған Қаратау қаласының орта мектептері оқушыларынан құралған командалары қатысып, олар спорттың волейбол, баскетбол, футбол түрлері бойынша бақ сынады.

Аталған іс-шаралардың мақсаты соңғы уақытта аудан аумағында кәмелетке толмағандар арасында жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың бос уақыттарын пайдалы және тиімді ұйымдастыру елімізге дені сау ұрпақты тәрбиелеу.

Жуырда өткен спорттық шараға Қаратау қаласының барлық мектептерінің оқушылары қатысты.

Жарыс қортындысы бойынша бас командалар диплом және медалдармен марапатталды. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

«Ел болам десең, бесігіңді тузе» — деп дана қазақ халқы айтқандай, бүнгі жастар еліміздің болашағы.

Болашағымыз ғұмырлы, салиқалы болуын қаласақ, жасөспірімдердің тәрбиесіне көңіл бөліп, қадағалауына атсалысуымыз қажет.

Талас ауданының прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.