Таразда карантиндік шаралар күшейтілді

0 364

Тараз қаласының тұрғындары арасында COVID-19 алдын алу, таралуын болдырмау мақсатында, «Жамбыл облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы» Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

🔷 жалпы білім беретін мектептердің 1-8,10 сыныптарды дәстүрлі форматта оқытуды онлайн форматта оқытуға көшіру;

 

❗ ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;

 

❗ жексенбі күндері ашық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес) жұмысына;

 

❗ мәдениет объектілерінің (дайындық); театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне;
ойын-сауық ұйымдарының (караоке, банкет залдары, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг, балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар ), батуттар және т. б.) қызметіне;

 

 

🔵 ЖҰМЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ:

 

🔷 қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне сағат 09.00-ден 20.00-ге рұқсат беру;
🔷 сағат 07.00-ден бастап сағат 05.00-ге дейін қоғамдық тамақтану объектілері мен фуд корттардың қызметіне рұқсат беру (тек жеткізуге және әкетуге);
🔷 ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің (жеке тұрған) қызметіне рұқсат беру;

 

🔷 Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО), банктердің, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің жұмысын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт аралығында;
🔷 медициналық орталықтардың, кабинеттердің, стоматологияның алдын ала жазылу бойынша (жазу бойынша) қызметіне рұқсат беру;
🔷 кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуын сақтаған кезде рұқсат ету;

 

🔷 оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес;
🔷 «1 сынып, 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);
— діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей рұқсат беру;

 

🔷 күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, отырғызу орындарының саны бойынша толтырылатын қоғамдық көлік жұмысына рұқсат беру; көлікке отырғызуға жеке қорғаныс құралдарын (маскаларды) пайдалану кезінде ғана жол беріледі; қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту; барлық есіктерді аша отырып, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;
Leave A Reply

Your email address will not be published.