Сарысуда қауіпті індетке қарсы штаб отырысы өтті

0 80

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда, ауру айтып келмейді. Сондықтан да, арқаны кеңге салуға болмайды.  Қауіпті дертке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту үшін барлық тиісті қам-қарекеттер жасалуда. Аты жаман дерттің алдын алу мақсатында аймақ аумағын қамтитын арнайы штаб құрылған.

Бүгін аудан басшысы Марат Сұлтанғалиевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында коронавирус инфекциясы және пневмонияның таралуына жол бермеу жөніндегі штаб отырысы өтті.

Жиында денсаулық сақтау объектілерінің КВИ таралуына дайындығы, денсаулық сақтау саласының дайындығы, вакцина салуды қалыптастыру туралы мәселелер көтерілді.

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев;

— Вакцина — індетті тоқтату үшін үлкен мүмкіндік. Көп алса, бұл екпенің тиімділігі артады және індеттен тезірек құтыламыз.

Сондықтан түсіндірме, алдын алу жұмыстарын дұрыс жүргізіп, сақтық шараларын бірлесе отырып атқарайық,-деді.

Штаб отырысында аудан әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиевтің баяндамасы тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді.

Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.