Қарағандыдағы аналардың төбелесі: Саябақ басшысы жұмыстан босатылады

0 281
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды ​​қаласының орталық саябағында карантиндік нормаларды өрескел бұзғаны үшін шенеуніктерді жазалауды тапсырды.

 

«Саябақ басшылығы,осы күні қалалық әкімшіліктегі тәртіпке жауапты адамдар осы күні санитарлық нормаларға сәйкес қала тұрғындарының бос уақыттарын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етпеген. Нәтижесінде 1 маусымда адамдар көп жиналды. Бұл жағдайға жол берген тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылды», — делінген Қарағанды облысы әкімдігінің хабарламасында.

Қарағанды әкімінің екі орынбасары – Нұрлан Бикенов пен Халел Әкімжановқа, сондай-ақ мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланды.

Мәдина Әшірова бастаған саябақ басшылығы жұмыстан шығарылады.

Еске салайық, 1 маусымда Қарағандыда  ата-аналар орталық саябақдағы тегін карусельдер үшін төбелес шығарған. 

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.