Полицейлер «Тик Ток» желісіне  қауіпті трендтің түсірілімін тоқтатты

0 246

Тараз қаласы Полиция басқармасының мониторинг тобымен бейнебақылау жұмыстарын жүргізу барысында  жол ережесін қатаң бұзған автокөлік жүргізушісі анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келген кезде «ВАЗ» маркалы автокөлік иесі жылдамдықты асырып, қашуға әрекеттенген. Сондай-ақ, көлік жолаушылары өз әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, интернет желісіне салып отырған.

Автокөлік иесі жол ережесін қатаң түрде бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-тармағымен (мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеген), 590-бабы 2-тармағымен (мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ) және 599- бабы  2-тармағымен (бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өту) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік арнайы айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 76 575 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Құрметті жүргізушілер! Жолда әлеуметтік желіге арналған әсерлі бейнежазба шығару сәтінде жол жүру ережелерінің бұзылуына себепкер болатыныңызды ұмытпаңыз. Бұл әсерлі бейнежазба — Сіздің немесе өзге адамның  өміріне қауіп тудыратын соңғы жазба болуы мүмкін екендігін ЕСКЕРТЕМІЗ!

Leave A Reply

Your email address will not be published.