Павлодар облысының әкіміне қарсы екі рет арыз жазған Ақсу әкімін жұмыстан шығаруды ұсынды

0 466

Павлодар облысының әдеп жөніндегі кеңесі көпшілік дауыспен облыс әкіміне Нұржан Әшімбетовті Ақсу қаласының әкімі қызметінен босатуды ұсынды.

Кеңестің он бір мүшесінің жетеуі даус берді. Үшеуі түсініктеме, біреуі сөгіс үшін дауыс берді. Бұған дейін қоластындағы мемлекеттік қызметшілер әкімді оларға дөрекілікпен қарады және қорлады, еңбек тәртібіне немқұрайлы қарады, оларды өз командасының адамдарымен алмастыру үшін жұмыстан шығарды деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Ақсу қаласы әкімінің айтуынша, қарамағындағылардың хаты бойынша ұйымдастырылған қызметтік тексеру айыптаушы тараппен жүргізілген.

Нұржан Әшімбетов тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарады және шағымды тексерушілер көптеген өрескел заң бұзушылықтарға жол берді деп санайды. Сондықтан ол облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов пен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің үстіне арыз жазды.

Нұржан Әшімбетов өз талабы бойынша тәртіптік істі қарауды сот шешімі шыққанға дейін ауыстыруды ұсынды.

Бірақ Павлодар қалалық соты әдеп жөніндегі кеңес отырысының алдында талапкерге талап арызды қараудан бас тартқаны белгілі болды. Әкім бұл сот шешіміне шағымданатынын айтты.

«Менің үстімнен қаралып жатқан шағым менің қала әкімі ретіндегі жұмысыма нұқсан келтіруге бағытталған ұйымдастырылған әрекет деп ресми түрде мәлімдемекпін. Оның ұйымдастырушылары Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органының кейбір мемлекеттік қызметшілері, олардың қызметінде өрескел заң бұзушылықтар бар», — деді ол кеңес барысы.

Сонымен бірге, ол көтерілген мәселе сотта, куәгерлердің қатысуымен қарастырған дұрыс екенін атап өтті. Бірақ мемлекеттік қызмет бөлімінің басшысы Ержан Қарымсақовтың төрағалығымен өткен кеңес тәртіптік істі аяқтау туралы шешім қабылдады.

Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, ол жұмыстан шығарды деп айыпталған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан өз еркімен кетіп қалған. Олардың ешқайсысы жұмыстан босату туралы бұйрыққа шағымданған жоқ және наразылық білдірмеген.

Айтуынша, олардың бірі бос орынға конкурсқа қатысып, жаңа қызметке орналасқан. Тағы біреуі облыстың Май ауданы әкімінің аппаратын басқара отырып, қызметіне жоғарылауға байланысты орнынан кеткен. Сондай-ақ,  жұмыстан шығарды деген тағы бір қызметкер бала күтіміне байланысты жұмыстан шыққан.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.