«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ауысты

0 21

Дауыл Бейсенқұлов «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Дауыл Ынтықбайұлы Бейсенқұлов, 1975 жылы туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1997 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын «инженер-механик», 2015 жылы Тараз ииновациялық-гуманитарлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Өз еңбек жолында ол әр жылдары Жамбыл аудандық көші-қон және демография бөлімінің жетекші маманы, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жалпы, ішкі саясат бөлімдерінің бас маманы, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2011 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен. Бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.