Мереке қарсаңында марапатталды

0 100

Мереке Сарысу ауданында да аталып өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Тоқбергенұлы Нұралиев ақ жаулықты аналар мен аруларға ерекше сый-құрмет көрсетті.

Ауданның экономикалық және демографиялық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қыз-келіншектер мараппаталды.

Бүгінгі мерекелік шарада ұстазда, дәрігерде, мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген арулар бас қосты.

Көңілдері шаттық пен қуанышқа, құшақтары гүлге толы арулардың еңбектері еленді.

Нұржан Тоқбергенұлы Нұралиев — Сарысу ауданы әкімінің орынбасары:

— Қымбатты арулар аналар 8 наурыз көктем мерекесі мен шын жүректен құттықтаймын. Әйел қоғамда өзіндік орны болса, отбасында да сондай орын алады. Мереке құтты болсын аяулы арулар!,-дей келе аналар мен аруларды құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

Содан ооң аудандық мәслихат хатшысы Асанбай Сейналиев құттықтау сөз сөйлеп, аудан, мәслихат атынан марапат қағаздары мен алқызыл гүлдерді тарту етті.

Шара соңында мереке иелері сөз жаңадан келген аудан әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиевтің қадамына сәттілік тілеп, бүгінгі салтанатты жиынның өтуіне алғыстарын жеткізді.

Салтанатты шара санитарлық сақтық нормаларын ұстана отырып өткізілді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.