Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

0 49

Мемлекет басшысына еңбек және әлеуметтік саладағы қазіргі ахуал мен оның алдағы уақытта атқаратын міндеттері туралы баяндалды.

Серік Шәпкенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстары, атап айтқанда, халықтың табысы мен еңбекақыны арттыруға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға, еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған жұмыстар бойынша есеп берді.

Сонымен қатар министр Президентке еңбек нарығындағы заманауи үрдістер, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету шаралары жөнінде мәлімет берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев салалық ведомство басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.