Малайзияда диқандар қауынды ерекше тәсілмен өсіреді

0 291

Олар өсімдікке қолғап киіп, арнайы жұмсақ массаж жасап, тіпті классикалық музыка да қойып береді.

Қауынның бұл түрі әлемде ең қымбат деп саналады. Негізі аталған өсімдік қоңыржай климатта өседі, бірақ жергілікті шаруалар малайзиялық ыстық, тропикалық климатқа бейімдеп алған. Жемісті өсірудің қыр сырын жетік меңгеру үшін диқандар Жапонияға барып, тәжірибе алмасқан. Бірінші науқанда 200-ге жуық қауын сатылған. Бір данасы 40 доллар тұрады. Сауда негізінен онлайн жасалуда.

«Біз әр қауынға өнер туындысы ретінде қараймыз. Бұл ең басты критерий. Суы, тыңайтқышы бәрі тыңғылықты қарастырылуы керек. Осылайша жоғары сапалы өнім шығарамыз. Бізде қазір осы қауынның 10-нан астам түрі бар. Өте ыстық ауа райы сияқты сынақтар баршылық. Тұқымды осы қауынның отаны Жапониядан алдырамыз», дейді қауын шаруашылығының директоры Сех Чең Сиаң.

kazus.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.