Алматы әуежайы шетелдік компанияға сатылып кетті

0 408
TAV Airports компаниясы мен Kazakhstan Infrastructure Fund қоры Алматы әуежайын сатып алу жұмыстарын аяқтады. Қазақстандық әуе айлағы TAV портфеліндегі 15-ші және компания концессияның уақытша шарты негізінде емес, меншік құқығымен басқаратын бірінші атанды, — деп хабарлайды TAV Airports.

«Мәміле бойынша есеп айырысу аяқталғаннан кейін TAV әуежай мен отын жеткізу және тамақтану қызметтерін ұсынатын байланысты кәсіпорындардың 85 пайызының бенефициарлық иесі болады.

Акциялардың қалған 15 пайызы VРЕ Capital басқаратын Kazakhstan Infrastructure Fund қорына тиесілі. Қорд инвесторы — «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы әуежайының сатылатыны туралы 2020 жылдың мамырында белгілі болған еді. Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алған хабарланған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.