Итшілеген интернет: Мусин Nege.kz сауалдарына нақты жауап бере алмады

0 51

Қазақстан бойынша интернетпен қамтылмаған қанша ауыл бар? Нақты деректер мен министрлік таратқан ақпарат неге сәйкес келмейді? Егер алдағы жылы да оқушылар онлайн оқуға мәжбүр болса, интернеті жоқ ауыл оқушылары қайтпек?

Nege.kz сайтының осы сауалдарына ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді.

– Қазақстанда 6500-ге жуық елді-мекен бар. Олардың 5300-ден астамы әр түрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Бірақ сол 5300-дің ішінде 510 елді-мекенде интернет сапасы өте төмен екенін өзіміз әкімдіктермен бірге айқындадық. 510 ауылдық жердегі мәселелерді шешу үшін арнайы бағыттар бойынша тиісті жұмыс жоспары бар, – деді министр.

Бағдат Мусин Nege.kz тілшісі қойған сұрақтарға нақты жауап бере алмады. Сұрақтар министрге қолайсыздау тисе керек, алыстан орағытып, болашақтағы жоспарын айналсоқтап кетті.

– Нақты елді-мекенде қандай технология бойынша интернет сапасын қолға алатынымызды бақылау үшін арнайы сайт ашатын боламыз. Ол туралы дайын болғанда ақпараттық желілерде өзім тағы да хабарлаймын. Ол жерде белгілі бір елді-мекенді өзіңіз таңдайсыз, сол жерде біз қандай жұмыстар жүргізетінімізді жинақтап отырамыз», – деп орағытты.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.