Ильин пара берді деген күдікпен ұсталды

0 494

Белгілі спортшы, ауыр атлетикадан бұрынғы Олимпиада чемпионы Илья Ильинның ағасы пара берді деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылордада өткен жылы 6 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған қалалық прокуратураның қоғамдық мүддені қорғау бөлімінің бастығы Әлихан Базарбаевтың күрделі шиеленістерін ашуда. Белгілі болғандай, қадағалау органының қызметкері 5 балалар спорт мектебінің жұмысына оң қорытынды беру үшін ақшаны алған. Ал оған ақшаны бес спорт жетекшісі – Иманбек Жұмабаев, Абылайхан Ақбергенов, Серік Сексембаев, Ербол Кикбаев және ауыр атлетикадан бұрынғы Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин жинады» деп жазады Михаил Козачков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.