Ердоған Зеленскийді қолдайтынын айтты

0 445

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуде Украинаның аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін және егемендігін қолдайтынын және Түркияның «Қырымның аннексиялануын мойындамау» туралы түбегейлі шешімін растады.

Президенттер жүргізген әңгімені Украина басшысының сайтында жарияланды.

«Біз Украинаның шығысындағы жағдайды халықаралық заңнама шеңберінде аумақтық тұтастық сақталатындай етіп бейбіт жолмен шешу керек деп санаймыз. Шиеленісті азайту үшін эскалацияны мүмкіндігінше тезірек тоқтату керек және Минск келісімдерінің шарттарын орындау аясында бітім қайта жандануы керек», — деді Ердоған.

Зеленский түрік басшысына Қырым түбегіндегі адам құқығының бұзылуы және оның жалғасып жатқан милитаризациясы туралы айтты. Ол Ердоғанға «Қырым платформасы» форматына қосылуға дайын екені үшін алғыс айтты.

«Түркия Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қолдайды. Біз Қырымның заңсыз аннекциясын мойындамаудың негізгі қағидасын растадық. Сонымен қатар, біз Украинаның жерлерін біріктіруге арналған Қырым платформасын қолдайтынымызды мәлімдедік», — деді Реджеп Ердоған.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.