Дуананың жирен қасқасы

0 1 097

Қасиеттi қарт Қаратаудың қойнында, Қарағай деген байдың тоқсан тоғыз (99) жирен қасқа тұлпарлары болыпты. «Қанша дәулет бiтсе де, бай қуанар егiзге» дегендей, байекем сол сәйгүлiк жирен қасқалар жүзге жетсе екен деп армандапты. 

Бiрақ, Құдайдың құдiретi, биелерi қайтып жирен қасқа құлын тумай қойыпты.

Сондай күндердiң бiрiнде бай ауылына ел кезген бiр дуана келе қалады. Қараса, астындағы аты Жирен қасқа! Бай жiгiттерiн жұмсап, дуананың атын тартып алады. Бұдан асқан қорлық, бұдан асқан зорақылық бола ма?! Сөйтсе, дуана жай дуана емес, қызыр шалған әулие кiсi екен, таудан арқырап аққан асау өзендi бөгеп тастап, Жирен қасқамен өрге шапшып, бай ауылын қарғап кетiптi. Бай дәулеттен айрылып, қайтып мал-мүлiк құтаймай қойыпты. Тоқсан тоғыз Жирен қасқа хикаясын айтқан Өмiрбек Байгелдi. Бiреуi-ақ жетпеген. Дуананың қарғысынан Қарағай елi, Еңбек Ерi Байгелдiнiң тұсында ғана арылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.