Дәулет Кәрібектің чемпионға құрметі

0 93

Әулие-аталық боз кілем шебері Алматы қаласында өткен құрлықтық додада топ жарып, еліміздің көк байрағын желбіреткен болатын.  Осыған орай грек-рим күресінен Азия чемпионы атанған жерлесіміз Сұлтан Әсетұлын облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек арнайы  қабылдады, — деп хабарлайды «Sheraga.kz» ақпарат агенттігі. 


Оңтүстік астанада «Балуан Шолақ» спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионатының жүлделері сарапқа салынған аламанда, грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз жеңімпаз атанған еді. Бірінші белдесуінде Тайпейлік балуанды айқын жеңіп жартылай финалда Сериялық спортшыны шаң қаптырды. Ал, ақтық сында Иранның аты шыққан балуанын тізе бүктіріп Азия чемпионы атанды.


Сұлтандай ел намысын қорғап көк туымызды желбіретіп жүрген азаматтарымыз, әрбір өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге деген облыс әкімнің орынбасары, байрақты бәсекелерде бабы мен бағы қатар келуіне тілектес екенін жеткізіп, олимпиада шыңын бағындыруын тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.