Ақжүрек Таңатаров директор болып тағайындалды

0 768

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, балуан Ақжүрек Таңатаров “Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне” басшы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны мекеме ұжымына Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков таныстырды.

«Спорттағы еңбегімді, жетістіктерімді елеп, сенім білдіріп осындай маңызды қызметті тапсырған облыс әкімдігіне алғысымды білдіремін. Жаңа қызметте жоғары мақсат қойып, улкен нәтиже көрсетемін деген сенімдемін» — деп жазды спортшы өз парақшасынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.