Ақтауда тоқ соққан адамға жедел жәрдем келмей қойған (видео)

0 54
Мұнайлы ауданында ер адамды тоқ соғып, куәгерлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырған. Алайда жедел-жәрдем келмей қойған

«Ер адам электр өткізгіш мұнарасында электр сымдарымен жұмыс істеп жатқан. Бір кезде электр сымдары оның үстіне түсіп кетті. Ер адамды тоқ ұрып, ол жерге құлап түсті. Куәгерлер зардап шеккен адамның жанына жақындаудан қорықты. Өйткені басқаларын да тоқ соғуы мүмкін еді», — деді оқиғаның куәгері Әділ Түркменбаев.

Куәгерлер жедел жәрдем шақырған, бірақ медициналық бригада келмей қойыпты. Әділ Түркменбаев жедел жәрдемге өзі барып, дәрігерлерді шақыруға мәжбүр болған. Куәгер оқиғаны видеоға түсіріп алыпты.

Нәтижесінде жәбірленуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. Ер адамның жағдайы әлі белгісіз.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.