Алматыда төрт банкомат тоналды

0 172

Алматыда банк терминалдарын әлдебіреулер бұзып, ішінен қаражаттарды ұрлап отырған. Бұл қылмысқа төрт адам күдікті деп танылды

Қалалық полиция департаменті бұзақылар түнде мылтық атқанын хабарлады. Бұзу арқылы әртүрлі банктердің терминалдарын ашып, кассетасын шығарып, ақшаны алып, содан кейін ұяшықты құрылғыға қайта салып отырған.

«Күдіктілер ұсталды. Олар төрт адам. Соңғы қылмысы кезінде терминалдан 160 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Жауап алу барысында күдіктілер төрт ұрлық жасағанын мойындады. Қылмыстық іс ҚК-нің 188-бабы бойынша тергелуде. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Медеу аудандық ПІБ бастығы полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.