Алаңсыз өмірге оралудың жалғыз жолы – вакцина алу

0 15

Коронавирус індеті әлемге жайылып, дүниежүзі «пандемия» деп дабыл қаққалы жылдан астам уақыт өтті. Коронавирус індеті әлі де әбігерге салып әлек. Қауіпті дертке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту үшін барлық тиісті қам-қарекеттер жасалуда.Әлем елдерін жаулап келе жатқан індеттен құтылудың жалғыз жолы екпе алу болып отыр. Вакцина жайлы медицина саласының жілігін шағып, майын ішкен ғалымдар да өздерінің оң пікірлерін ортаға салуда. Ауру айтып келмейді. Дегенменде, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, екпе алып аурудан барынша сақтанған абзал.

Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданының  жастары коронавирус инфекциясымен күреске өздерінің сүбелі үлесін қосуға белсене атсалысуда. Жақында олар «Есіктен есікке» акциясын ұйымдастырып, еріктілер ауылдық округтердегі әр көшені аралап, ауыл тұрғындарын екпе алуға шақыруда.

Ауру айтып келмейді. Сондықтан да, арқаны кеңге салуға болмайды. Қауіпті дертке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту үшін барлық тиісті қам-қарекеттер жасалуда. Үй-үйді аралап, коронавирусқа қарсы екпенің маңызы жөнінде ақпараттық үнпарақтар таратып, оның маңыздылығы туралы айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Кей елдімекендерде ауылдық округтің әкімдерімен бірлесе отырып, тамыз айының басынан бері 2000 жуық үнпарақтар таратты. Осылайша жастар жұртшылықты вакцинадан өтіп, пандемияны бірлесе тоқтатуға шақырады.

Індет қаупі сейілмеген қазіргі кезде эпидемиялық ахуалдан өзекті мәселе жоқ деуге болады. Бүгінде коронавирусқа тойтарыс берудің жалғыз жолы вакциналау екенін халықтың басым бөлігі осылайша ұғына бастады деп толық негізде айтуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.