Жыр алыбы — Жамбыл

0 363

Қала орталығындағы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай тәрбиешілер Ж.Мұқашева, М.Серікбаевалардың ұйымдастыруымен «Жыр алыбы- Жамбыл» атты іс- шара болып өтті.

Кештің мақсаты балаларды Жамбыл Жабаевтың өнегелі өмірімен таныстыру. Өлеңге, жырға деген ұлттық сезімдерін ояту, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Іс-шара өтетін жер тақырыпқа сай безендірілген. Жамбыл Жабаевтың портреті және ұлттық аспап домбыра ілініп қойылды. Сабақтың кіріспе бөлімінде тәрбиеші тәрбиеленушілермен сұрақ-жауап өткізіп, жыл мезгілі, айлар жайлы сұрады. Мұнан соң тәрбиеші Жамбыл Жабаевтың «Балаларға» өлеңін оқып берді. Слайд арқылы балалар ақын өміріне саяхат жасады. Мұнан соң балалар арасында «Кім тапқыр?» ойынын өткізді. Балалар ойын ойнап болған соң шығармашылық орталыққа барып 2 топқа бөлініп, Жамбыл атамыздың домбырасын дайындады. 1 топ желіммен, ал 2 топ ермексазбен жұмыс жасады. Іс- шара барысында тәрбиеленушілер ақын өлеңдерін жатқа оқып, Керім мен Айшаның орындауында айтыс өнерін тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.