Жұмыссыздар азайып, халықтың тұрмысы түзелуде

0 132

Талас ауданында жұмыссыздар саны азайып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жұмыссыздар санын азайту мақсатында өңірде нәтижелі жұмыстар жүргізілген.

Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орындарын құруға бюджеттен барлығы 157 орынға 46 144,0 мың теңге жоспарланған. Атап айтқанда жергілікті бюджеттен 77 орын 10 айға 21504,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 80 орын 10 айға 24640,0 мың теңге қаралған. Есепті мерзімде жергілікті бюджеттен 8056,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 11945,0 мың теңге, барлығы 20 001,0 мың теңге игерілген.

Бекітілген әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 2 жақты келісім жасалып, 178 адам (жастар 30, 16,8 пайыз ) уақытша әлеуметтік жұмыс орнына жолданып, соның ішінен жұмысын аяқтаған 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыруға (29 жасқа толмағандар мерзімі 6 ай) 55 орын бөлініп, оған бюджеттен барлығы  40020,0 мың теңге бөлінген. Қазіргі таңда республикалық бюджеттен 7292,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 14730,0 мың теңге, барлығы 22022,0 мың теңге игерілген.

– Қоғамдық жұмыс орындарын құруға республикалық бюджеттен мерзімі 12 айға 353 орынға 360 003,0 мың теңге жоспарланып, есепті мерзімде қаражаттың 150 000,0 мың теңгесі игеріліп, 449 адам уақытша жұмыс орнымен қамтылды (85-і жастар. 19 пайыз ). Жұмысын аяқтаған 103 адамның ішінен 77 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыру жобасы аясында «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны кемінде 24 айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады. Бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың бірінші жылы үшін еңбекақыны субсидиялайды.

Есепті кезеңде бос жұмыс орындары бойынша 2 рет жәрмеңке өткізілді. Оған 70 жұмыс берушілер тарапынан 161 бос жұмыс орындары ұсынылып, барлығы 110 адам қатысты. Нәтижесінде 34 жұмыс берушіге жолданған 65 адам (тұрақты жұмыс — 39, ӘЖО — 14, жастар тәжірибесі — 4, қоғамдық — 8)  жұмыспен қамтылды.

Ваканттық бос жұмыс орындарына жылдық жоспар 1400 орын (1 тоқсан — 248, 2 тоқсан — 450, 3 тоқсан- 452, 4 тоқсан — 252) болып белгіленген болса, есепті мерзімде аудан бойынша жұмыс берушілер тарапынан «Еңбек KZ» ақпараттық интернет порталында жарияланған ваканттық бос жұмыс орындарына жұмыс іздеуші 960 адам (318-і жастар. 33,1 пайыз) тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 85,5 пайыз болып белгіленсе, орындалуы 100,0 пайызды құрады, – дейді Талас ауданы әкімінің орынбасары Роман Қырықбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.