Жұмыспен қамту жүйелі жүзеге асуда

0 179

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков 9,5 миллиард теңге көлемінде 29 жобаны іске асыру жоспарланғанын жеткізді. 29 нысанда құрылыс жұмыстары басталған. 709 жұмыс орны құрылса, оның 536 – сы жұмыспен қамту орталықтары арқылы ашылған. 487 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде электрондық еңбек шарттарын жасасу көрсеткіші 95,4 пайызды, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу көрсеткіші 81,5 пайызды құрады.

Екінші бағыт – шағын және орта бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша 1884,0 миллион теңге көлемінде 227 несие беру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда 588 жобадан тұратын пул құрылды, 385,1 миллион теңге көлеміндегі 70 жоба мақұлданды, 65,5 миллион теңгеге 12 жоба қаржыландырылды.

Үшінші бағыт – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 12 миллиард теңге көлеміндегі 6 жоба қаржыландыруды талап етеді. Бұл бойынша салалық басқарма ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс жолдаған. Жобалар қатарында «Азия сад» ЖШС (көкөніс сақтау қоймаларын салу), «Әулие Ата Феникс» ЖШС (құс фабрикасының қуатын арттыру), «Асыл тұқым KZ» ЖШС (асыл тұқымды шаруашылық-репродукторды кеңейту), «Ахмет» ШҚ (сүт фермасын салу), «AGROSTAN» ЖШС (мал шаруашылығын дамыту), CANADIAN BACON LTD компаниясы (кәсіпорын қуатын арттыру) бар.

ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің деректеріне сәйкес 1 қазандағы жағдай бойынша Жамбыл облысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты игеруде өңірлер арасында төртінші орында, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша бірінші орында тұр.  Жұмыспен қамту көрсеткіштері бойынша біздің облыс жоспарды 99 пайызға орындады.

Ж.Баубеков жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 49 640 адам қамтылғанын, оның ішінде 25 239 адам тұрақты жұмысқа орналасқанын хабарлады.

Бағдарлама бойынша 966 жамбылдық жалпы 4338,4 миллион теңге көлеміндегі шағын несиелерге қол жеткізген. 3789 адам  жалпы 2210,5 миллион теңгенің қайтарымсыз гранттарына ие болса, жыл соңына дейін тағы 919 адамға осындай грант берілмек. Барлығы 1020 адам қысқа мерзімді оқытудан өтсе, оның ішінде 1015 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастар тәжірибесімен 1720 маман, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1435 адам, қоғамдық ақылы жұмыстарға — 10 411 адам жолданған. Барлық бағыттар бойынша жоспар орындалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.